Петропавлдағы көлік тұрағында алты көлік өртеніп кетті
Петропавлдағы көлік тұрағында алты көлік өртеніп кетті
©zakon.kz
Петропавлда қамыс өртеніп, ол қоймаға жайылған. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі бүлінген. – 14 сәуір күні сағат 16:30-де Солтүстік 1Б көшесінде қамыс өртеніп, ол автотұрақ аумағына өткен. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі зақымданды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрттің жалпы аумағы – 15 гектар. Ведомствода нақтыланғандай, автотұрақ «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не тиесілі. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.