Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесінің ашылуы өтті

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 15, 2022
музей
4.1k
қаралым

Бүгін, 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесі ашылды. Көрмеде қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қорларында сақталған ежелгі жазба ескерткіштер, қолжазбалар мен сирек кітаптар қойылған. Атап айтқанда, VII ғасырда жазылған Құран, Қожа Ахмет Ясауи, Наср ибн Мұхаммед Самарқанди, Махбуби, Ибн Халликан және т. б. шығармалары. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының өзіндік мәдениетіне жататын сирек қолжазбаларды танымал ету, олардың тарихи үдерістердегі және отандық жазба мәдениеті тарихындағы рөлін жан-жақты жариялау, насихаттау.

Көрменің ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері (Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Иран), қоғам, ғылыми және сараптамалық қауымдастық, архивтер, кітапханалар, музейлердің өкілдері және т. б. қатысты.

музей

«Бұл іс-шараның рухани-идеологиялық маңызы зор. Ол Ұлы даланың тарихтағы орнын және әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін көрсете отырып, еліміздің сан ғасырлық тарихын қазіргі және болашағымызбен жалғайтын сақталған мұраның байланысын көрсетеді. Бізге бұл экспонаттарды қалың жұртшылыққа көрсетіп қана қоймай, оларды ғылыми айналымға қосып, ғалымдар мен зерттеушілер үшін қолжетімді ету өте маңызды», – деді Дәурен Абаев.

Қолжазба экспонаттары қазақ халқының сан ғасырлық рухани, саяси, мәдени және тарихи ескерткіштерінің бірі саналатынын атап өту қажет. Ұлттық жазбаша мұра әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде ұлттық бірегейлікті сақтайды және ғылымның, білімнің және мәдениеттің дамуына үлкен әсер етеді.

музей

«Бүгінгі даму кезеңінде баға жетпес туындыларды, ұлы ғалымдар мен ойшылдардың, біздің халықтарымыз өкілдерінің бірегей жазба көздерін сақтау, зерттеу және болашақ ұрпаққа тұтас беру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жеделдетудің маңызы зор. Мұнда ұсынылған экспонаттар Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның тарихын неғұрлым толық түсінуге ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев.

музей

Көрме қорытындысында құнды мұра саналатын тарихи қолжазбаларды көпшілікке тарату бағытында жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ жас ғалымдарға бастапқы дереккөздермен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Тағы бір мақсат – отандық және шетелдік мамандандырылған мекемелер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Тегтер: Жаңалықтармузей

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»