Сәуірдің 14 күні онлайн форматта Қытай мен Орталық Азия елдері саяси партияларының «Өз ерекшеліктерімен бірге даму жолымен бұлжытпай жүру: саяси партиялардың міндеттері мен жауапкершілігі» атты Үшінші Форумы өтті.
Бұл шара аталған мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұған дейін де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Коммунистік партиясының Төрағасы Си Цинь Пин екі рет кездесу өткізген еді.
Форумға Қытайдан басқа, өңірдегі 5 мемлекет қатысты (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан). ҚКП ОК ХБ меңгерушісі Сун Тао осы отыз жылдық дипломатиялық даму кезеңіне қысқаша шолу жасады. «Реформалардың басталуы мен әлем алдындағы ашықтығымыздың арқасында 30 жыл ішінде біз шынайы даму жолына түстік және барлық мәселелер бойынша ортақ келісімге келдік», – деді ол.
– «AMANAT» партиясы құрылғалы бері 23 жыл ішінде еліміздегі ең басты саяси күшке айналды. Биліктегі партия ретінде ол бірқатар өмірлік маңызды реформаларды көтерді және жүзеге асырды. Еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясында жалпыұлттық күн тәртібін нақ біздің партия қалыптастырады. Ол парламентте басымдылыққа ие саяси ұйым ретінде ел арасында негізгі заңнамалық нормалардың әзірленуін қамтамасыз етеді. Оның ішінде конституциялық реформаны жүргізу, жемқорлыққа қарсы заңды қабылдауды және саяси жүйені либерализацияландыруды көздейді,– деді саяси ұйымның хатшысы.
«AMANAT» – «ата-баба дауысы» немесе «болашақ ұрпаққа үндеу» деген мағынаны білдіреді. Бұл біздің халықтың тарихы мен мәдениетінде символикалық мәнге ие терең ұғым. Ол – мемлекеттің мүддесін қорғайтын және ел дамуы үшін тарихи жауапкершілікті мойнына алған партия. Саяси ұйым жұмысының стратобағдарлылығы нақты сайлаушылар тобы – ардагерлердің, жастардың, әйелдердің, ерекше мұқтаждығы бар және басқа да азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге мүмкіндік берді»,– дейді Ринат Кертаев.«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастар – Отанға!», «Халыққа көмек», «Ұлттық мұра» жобалар аясында партия түрлі әлеуметтік топ өкілдерін толғандырып жүрген проблемаларды көтеріп, халықпен жүйелі түрде жұмыс істеп тұрады. Партия Қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы қарапайым адамдардың сұраныстарына жауап бере отырып, халық пен биліктің арасындағы диалогты жалғайтын алтын арқауға айналды. Партия ұйымының құрылымы мен жұмыс форматында басқа да өзгерістер бар. Соның бірі ретінде халықаралық қарым-қатынасты күшейтуге бағытталған шараларды атап өтуге болады. Оның ішінде «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясының арасындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты арттырудың маңызы зор. Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда әріптесінің бірі саналады. Кейінгі 30 жылда екі елдің тауар айналымы 35 есе өсті. Қытайдың біздің экономикаға салған инвестициясы 20 млрд. АҚШ долларына жетті, сөйтіп ол біздің еліміздегі ең ірі инвестор санатына енді(4-орын). «AMANAT» пен Қытайдың Коммунистік партиясы ынтымақтастығының негізінде екі елдің жақын достығы мен екі партия көшбасшыларының өзара сенімділік қарым-қатынасы жатыр. 2009 жылы екі партия арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Партияаралық қатынастардың қарқындылығы, өзара іссапарлар, партиялық шараларға қатысу, талдау орталықтары мен жастар қанатының тәжірибе алмасуы екі партия арасындағы өзара ынтымақтастың жоғары деңгейде екенін білдіреді. Екі партия да өз елдерінің өмірінде маңызды рөл атқарады, екеуіне де ерекше жауапкершілік жүктелген. Екі елдің биліктегі партияларына негізінен ұқсас міндеттер жүктелген. Ол – стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, жемқорлыққа қарсы күрес, өз қатарларын тазарту және өңірлерде жұмысты күшейту, т.б үшін азаматтарды ұйымдастыру. Бұл Форум Қазақ-Қытай қатынастарын тек тереңдетіп қана қоймай, «AMANAT» пен Қытай Компартиясының байланыстарын да нығайта түсетініне сенім мол.