Шымкентте жалған кір жуғыш ұнтақ шығаратын жерасты цехы анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде контрафакті өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды. The Procter & Gamble компаниясының Tide, Ariel және «Миф» маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттары, контрафакті өнімдерін өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді.