Alan Parking-тің басшысы қамалды

Alan Parking-тің басшысы қамалды

Алматыдағы Alan Parking  жа­уапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің директоры Мұхтар Базар­баев екі айға қамауға алынды. Алматы қалалық сотының баспа­сөз қызметі сотқа дейінгі тер­геу органдарының өтініші­не сай кү­діктінің 2 ай мер­зімге қамауға алынғанын хабарлады. Айта кету керек, Alan Parking жа­уапкершілігі шектеулі серік­тестігі 2016 жылдан бері Алма­тыдағы автоматтан­дырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйе­сіне жауапты деп танылған. Се­ріктестік көпшілікке көлікті көше бойына қою және тұрақ алаң­дарының қызметтері ұсы­нып келеді. Қазір Алма­ты қала­сында бұл жүйеге қарайтын 12 мың тұрақ бар. Олардың дені ша­һардың орталық көшелерінде орналасқан.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ