Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандарының мәліметінше, Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда орташа есеппен үш есе көп энергия тұтынады. Мамандардың мұндай мәлімдеме жасауына Халықаралық энергетика агенттігінің деректері себеп болған. Аталған деректе Қазақстанның соңғы 5 жылда энергия тұтыну көлемі 27 пайызға артқаны көрсетілген. Ғалымдар сала мамандарын қазірден энергия ресурстарының тапшылығы мәселесінің алдын алуға шақырады.
Ш.АТЫХАН