Нөмірді ұрлап, сатпақшы болған
Нөмірді ұрлап, сатпақшы болған
163
оқылды
Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап, кейін оларды көлік иелеріне қайта сатпақшы болған күдікті ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемейтін Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты.  Әуезов аудандық Полиция басқармасының бөлім бастығы Елнұр Құдіретбаев күдіктінің Алматыға бір апта бұрын кел­ге­нін және қылмыстық жолмен күн көруге ниеттенгенін мәлімдеді. «Ол тұрғын үйлер ауласын­дағы бөтен көліктердің мемле­кеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге «сатып алу» ту­ралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпи­зодтардағы кінәсін мойын­дайды. Сонымен қатар ер адам­ның шаһардың басқа жерлерінде тіркелген қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды», – дейді Е.Құ­діретбаев.