Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамдардан пара алып келген мекеме басшысы мен бөлім басшысын қолға түсірді. Атап айтқанда, құзырлы орган қызметкерлерінің құрығына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облыстық департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысы ілінген. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардан мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келген екен. Қазір күдіктілер тергелуде.