Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Айбек Оралбай: Азия ойындарында да чемпион атанғым келеді

Абылайхан ЖҰМАШ Абылайхан ЖҰМАШ
Сәуір 16, 2022
Айбек Оралбай
1.8k
қаралым

Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы Пхукетте (Таиланд) өткен Thailand Open халықаралық жарысын үш алтын, екі күміс, үш қола медальмен аяқтады. Әлемнің 14 елінен 130 спортшы қатысқан додада Қазақстан құрамасы сапынан 11 спортшы бақ сынады. Турнирде 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған отандасымыз Айбек Оралбаймен әңгімелесудің сәті түсті.

– Айбек, сізді айтулы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Пхукеттегі Thailand Open халықаралық турнирін қысқаша қорытындылап берсеңіз.

– Халықаралық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Таи елінің ауа райына, уақыт белдеуіне бейімделу үшін жарыс өтетін аймаққа екі-үш күн бұрын бардық. Ел намысы сынға түскен бәсекеде бапкерлер құрамы қойған тапсыр­маны орындауға тырыстық. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

– Жарысқа қалай дайындалдыңыздар? Бас бапкер қандай міндет жүктеді? Ұзақ үзіліс кері әсерін тигізбеді ме?

– Алдымен Алматыда ұлттық құрамамен бірге 15 күндей оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бір сөзбен айтқанда, Таиландқа тыңғылықты дайындықпен бардық. Ұзақ үзіліс кері әсерін тигізді деп айта алмаймын. Біздің бұған дейінгі жарысымыз ел чемпионаты болды. Ішкі біріншіліктен кейін де екі ай жаттықтық.

Бапкерлер әр турнирде жақсы өнер көрсеткенімізді, жүлдегер атанғанымызды, чемпион болғанымызды қалайды. Соған сай міндет жүктейді. Біз де бапкерлеріміз бен жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға барымызды саламыз.

– Таи елінде кіммен жұдырықтасу қиындық туғызды? Қай елдің боксын үздік деп бағалар едіңіз?

– Кейінгі кезде бокс барлық елде жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Сондықтан әр турнир сайын қарсыластардың да саны арту үстінде. Дәл мына елдің боксшысы мықты деп бөле жарғым келмейді. Барлығы да өз елдерінің үздік спортшылары екенін естен шығармауымыз керек. Сол себепті кез келген боксшыға құрметпен қарап, оларға қарсы кездесулерге тыңғылықты дайындаламын.

– Жазғы спорт түрлері бойынша ендігі негізгі бәсеке – Азия ойындары. Қытайдың Ханчжоу қаласында 10-22 қыркүйек аралығында өтетін турнирге қай боксшылардың баратыны белгілі болды ма? Оған іріктеу қалай жүргізіледі?

– Биылғы жылдың ең басты бәсекесі Азия ойындарына іріктеу аясында әзірге 4-5 турнир өтті. Оған дейінгі жарыстарға да қатысамыз. Содан кейін бас бапкер Қайрат Сатжанов Азия ойындарына баратын құрамды жасақтап, үздік деген боксшыларды іріктейді. Таңдау 8 боксшыға түседі. Мен де осы Ханчжоу қаласында өтетін жарысқа баруды мақсат тұтып отырмын. 4 жылда бір келетін турнирде чемпион атанғым келеді.

– Әңгімеңізге рақмет! Алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз.

Тегтер: Азия ойындарыАйбек Оралбайбоксчемпион

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»