Игі істер сенбілігі
Игі істер сенбілігі
Партия мұқтажын айтқандардың мәселесін шешуге және көмектерін көрсетуге барынша тырысып жатыр. Оған осы уақытқа дейін жүзеге асырылған жобалар мен олардың оң нәтижелері дәлел бола алады. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселелері шешіліп жатқандарына дән риза. Мұнан бөлек, партия белсенділері тарапынан мұқтаж деп таныған тұрғындарға өз ықтиярлығымен түрлі көмек көрсетілуде. Атап айтсақ мұндай қолдаулар «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халықа көмек» сияқты партиялық жобалар шеңберінде жүзеге асуда.  width=Бүгін «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының депуттаттық фракциясының мүшелері «Қайырымды игі істер марафоны» мен «Халыққа көмек» партиялық жобасының аясында көмекке мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттері мен төсек-орын жабдықтарымен көмектесті. Тілсіз жау айтып келмейді, оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Сондай мұқтаж жандардың бірі Бахытгүл Шаймуханованың отбасында осы жылы 4-ші сәуірден 5-ші сәуірге қараған түні Павлодар қаласының Құдайбердиев көшесінде өрт болып 3 бөлмелі пәтері жанып кетті. Төрт баланың анасы осыдан тура бір жыл бұрын ковид дертінен айыға алмай қалған отағасынан айырылып қалған еді. Аманаттықтар жанып кеткен пәтерге барып, қажетті тұрмыстық керек-жарақтар мен азық-түлік себетімен көмектесті.  width=
«Ең бастысы, біз бір-бірімізге көмектесіп, құрметтеуіміз қажет. Павлодар қаласында ұйымдастырған игі істер марафоны аясында бүгін облыстық мәслихат депутаттары өмірде қиын жағдайға тап болған бес отбасыға барды. Бір жерде материалдық көмек көрсетсек, басқа отбасыларға қажетті үйге арналған жабдықтармен көмек көрсетілді. Барлық бей-жай қарамайтын адамдарды игі істер марафонына қосылуды сұраймын.», - деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
Көпшіліктің көкейдегісін есту үшін халыққа бұрынғысынан бетер жақындай түсуді көздеген партия көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүргізіп жатқанын айта кеткіміз келеді. Мұндай игі істер әлі де жалғасын табатын болады. Игі істердің жалғасы ретінде, тазалықты жанына серік еткен аманаттықтар бүгін қаланы тазарту, көркейту сенбілігіне шықты. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. AMANAT партиясының ұйымдастырылуымен облыстық мәслихаттың депутаттары, Jas Otan жастар қанатының белсенділері мен партияның облыстық филиалының қызметкерлері қалалық сенбілікке шықты.  width=«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, сенбілікке шыққандар алдымен партияның облыстық филиалының маңайын жинады. Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей ат салысты. Соның ішінде, облыстық мәслихаттың депуттар аллеясы мен бірнеше үйлердің аулаларын жинады. Тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.  width=
«Бүгін біз белсенді жұмыс жасадық, сондықтан барлық қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін, аулаларымыздың тұрғындарын жергілікті атқарушы органдардың сенбіліктер өткізу бастамасын қолдауға шақырамын», - деді «AMANAT» партиясының экологиялық кеңесінің төрағасы Ирина Чидунчи.