Нұр-Сұлтанда сенбілікке шыққандар ораулы күмәнді зат тауып алды
Нұр-Сұлтанда сенбілікке шыққандар ораулы күмәнді зат тауып алды
229
оқылды
Елордада сенбілік кезінде волонтерлер күдікті зат тапты, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Бүгін, 16 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Қаланың 150 волонтері мен белсенді жастары Есіл өзенінің жағалауындағы қоқысты тазалауға шықты. Ырыскелді қажы мешітінің маңындағы Есіл өзенінің жағалауын жинау кезінде волонтерлерді үйлестірушілердің бірі салмағы 2-3 келі болатын күмәнді пакет тапты.
"Волонтер дереу полиция департаментінің қызметкерлеріне хабар берді. Осыдан кейін табылған заттың ішінде не барын анықтау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды. Экологиялық акцияның пайдасы қоршаған ортаны тазалаумен ғана емес, адам өміріне зияны тиюі мүмкін осындай заттарды табумен де маңызды. Елордамыздың волонтерлері нашақорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін насихаттап жүргені қуантады. Біз елордалық жастардың бәрін осыған шақырамыз", - деп атап өтті қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.