Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
354
оқылды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін артуы ықтимал. Түркістан облысының таулы жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз 18-19 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Күндіз 17-19 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.