Қаңтар-ақпан айларында азық-түлік өндіру саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% көп. Онң алдыңғы жылы бірден 3,1 есе өскен еді, деп хабарлайды finprom.kz сайты. Бұл Informburo.kz порталы жазды. Азық-түлік саласына салынған инвестицияның 87 пайызы үш өңірге тиесілі:
- ШҚО – 9,5 млрд теңге, 6,2% өскен;
- Ақмола облысы – 5,1 млрд теңге, 4,4 есе өскен;
- Алматы облысы – 2,6 млрд теңге, 33,5% азайған.