Балабақшаға барамын деп ота жасалған сәбиді көлік қаққан
Балабақшаға барамын деп ота жасалған сәбиді көлік қаққан
325
оқылды
Түркістан облысында балабақшаға кеткен 1,5 жасар тәрбиеленушінің ауыр жарақат алуына оны көлік басып кетуі себеп болған. Бұл ақпаратты полиция департаментіндегілер растады, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 
"Тергеп-тексеру барысында Шәуілдір ауылындағы бір балабақшаның алдында автокөлік қағып кеткені туралы анықталды. Қазіргі таңда бұл жәйт бойынша ҚР ҚК 345 бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған жәйт бойынша сараптамалар тағайындалды. Автокөлік ақылы тұраққа қойылған", - деді Отырар аудандық полиция бөлімінің басшысы Ермек Өсербаев.
Еске салайық, 12 сәуір күні Отырар ауданында 1,5 жастағы баланың жамбас сүйегіне операция жасалды. Денесі мен басы сырылып, жамбасы сынған кішкентай науқас қазір анасымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. Бүлдіршіннің анасы Ажар Пернебекке тәрбиешілер, "балаңыз құлап қалды" дегеннен танбаған. Сау-тамтығы қалмаған ұлының ауыр жаралануы бекер емес деп, сол күні-ақ дабыл қаққан ананың күдігі бекер болмапты.