Қыз сапар алдында әуежайда өзін "қорлаған" жігітімен қарым-қатынасын үзді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі. Басылымның мәліметінше, кім екені жазылмаған саяхатшы жігіті және оның туыстарымен бірге Мексикаға демалуға баруды жоспарлаған. Алайда, әуежайда жас жігіттің ата-анасы отбасына бизнес-класқа билет алғаны белгілі болды, ал қыздың билеті эконом-класқа болған. Қыз рейске тіркелу кезінде жігіті мен туыстары оны жалғыз қалдырғанын айтты. Жігіті оның жүгін де көтермеген.
"Оның анасы мені ұнатпайды. Әуежайда ол менің көңіліме тиетін сөздер айтты. Менің ата-анам жұмысшы тапқа жататындықтан, мен эконом-класта ұшуым керек екен", - деп ашуланды турист.Сөйтіп, қыз әуежайда жігітімен айырылысып, үйге жалғыз оралды.