Ақмола облысында екі күн бұрын жоғалған 26 жастағы сазгер аман табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Ведомствоның мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде таратылған. Оны іздеуге Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті волонтерлер жұмылдырылды. Ер адамды бүгін таңертең жол бойында кетіп бара жатқан жүргізуші көріп, өзінің таныстарына айтқан.
«Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған ер адам екі түнді көшеде өткізген. Оған қатысты заңсыз әрекеттер болған жоқ. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді», - деді ведомстводан.Бұған дейін Ақмола облысында жоғалған 26 жастағы сазгер екі күннен бері табылмай жатқанын жазғанбыз.