Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады, – деп хабарлайды»Алматы әуендері» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.
«Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. әзілкештердің қатысуымен «музыкалық-патриоттық марафонның» өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты «Алматы әуендері» КМҚК баспасөз қызметі «Za Россию!» баннер-афишасы жалған болып табылатындығын мәлімдеді. Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді», – делінген «Алматы әуендері» КМҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
«Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін еске саламыз», – деп толықтырды
Концерттік ұйымның хабарлауынша, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және «Однажды в России» сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған.