Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды"Алматы әуендері" мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. әзілкештердің қатысуымен "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі "Za Россию!" баннер-афишасы жалған болып табылатындығын мәлімдеді. Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді", - делінген "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі хабарламасында."Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін еске саламыз", - деп толықтырды Концерттік ұйымның хабарлауынша, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған.