Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жаңа бұйрығымен Қазақстанда бидай мен ұнды экспорттауға шектеу енгізілді. Қазір бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында. Жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылаады: - бидай мен меслинге – 1 млн тонна; - бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). Сонымен бірге, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз. Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квота) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.