Амфитеатрда Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай концерт өтті
Амфитеатрда Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай концерт өтті
440
оқылды
Бүгін амфитеатрда маусым «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық мерекесіне арналған концерттен басталды. Ұйымдастырушы AMANAT партиясының жастар қанаты болды. Елорданың мыңнан астам тұрғыны мен қонағының басын қосқан ашық аспан астындағы концертте арнайы мерекелік бағдарлама ұсынылды. AMANAT партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ арасында ұлттық мерекені дәріптеу, қазақстандық қоғам арасында халықтық-мәдени құндылықтарды насихаттау.
«Жалынды жастарымызға жаңа дем, тың серпіліс беру мақсатында ашық аспан астында мерекелік концерт өткізуді жөн көрдік. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мерекесі ұлттық мереке іспеттес. Жыл өткен сайын оның маңызы мен мәні артуда. Оны дұрыс бағытта дәріптеп, жастарымыздың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу Жастар қанаты үшін бірінші орында. Бүгінгідей керемет күнде барша ғашықтарға таусылмас махаббат пен сарқылмас сезім тілеймін», – деді ол.
 width= Концертте отандық эстрада жұлдыздары мен талантты жастар өнер көрсетті. Атап айтсақ, соңғы уақытта жастар арасында өз өнерімен танылып, тыңдарманды тәнті еткен Нұрболат Қанай (Qanay),  әлеуметтік желі арқылы танылған жас талант Нормат Досымхан. Ұйымдастырушылардан тосынсыйлар мұнымен аяқталған жоқ: іс-шара барысында ғашықтар арасында сыйлықтар ойнатылды және соңында ораза ұстаушылар үшін құрма мен су таратылды.    width= Концертке келген көрермен өз әсерімен бөлісті.
«Биылғы жылы қыстан кейін өтіп жатқан алғашқы концерт. Бәрі жоғарғы деңгейде өтті. Өзім сынды жастардың көңілінен шығып жатқанына күмәнім жоқ. Ашық аспан астында жақсы көңіл күйде мереке ерекше сезілуде. Ұйымдастырушыларға бұнымен шектеліп қалмай, әрі қарай дәл осындай қарқынмен жастармен бір толқында болуға тілектеспін», – деді көрермен.
Айта кету керек, жастар қанатының өңірлік филиалдары да концерттерді бүкіл ел бойынша өткізді.