Алдағы екі-үш күнде бұршақ жауып, күн суытады
Алдағы екі-үш күнде бұршақ жауып, күн суытады
Фото: mail.kz
«Қазгидромет» 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс пен солтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады.