Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Білім

Биылдан бастап жас педагогтер жұмысқа тұру үшін біліктілік тестін тапсырады

Дария Берікқызы Дария Берікқызы
Сәуір 18, 2022
ҰБТ
6.6k
қаралым

Биылдан бастап мектепке жұмысқа орналасқысы келетін педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері Ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсырып, «Педагог» мәртебесін алуы тиіс. Бұл бастама педагогикалық жоғары оқу орындары мен бітіруші түлектері үшін жауапты қадам болмақ. Сондықтан салалық жоғары оқу орындарының міндеті – өз білім алушыларын осы маңызды рәсімге барынша дайындау қажет.

15 сәуірде Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) өткізу ережелері мен шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов Town Hall форматында университет студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов және департамент директорлары қатысты.

Дархан Біләлов бұл процедураның болашақ педагогтер үшін маңыздылығын айтып, түлектерді жұмысқа орналастыру – университеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Бүгінде бұл көрсеткіш 96 пайызды құрап отыр.

«Біз болашақ педагогтерді даярлаймыз, біз үшін олардың жоғары сапалы білімі маңызды. Құрметті білім алушылар! Еліміздің болашағы сіздерге байланысты. Сондықтан әрбір түлек ҰБТ-ға жауапкершілікпен қарауы керек. Университетіміздің профессорлары мен оқытушылары сіздерге білім берді, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Ұлттық біліктілік тестіне дайындалу үшін барлық ресурстарды пайдалану керек. ҰБТ-дан студенттеріміз өтуі үшін университет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалған», – деді ректор.

Білім беру сапасын арттыру педагогтердің кәсібилігімен тікелей байланысты, әрбір білім беру ұйымының тиімді жұмысының негізі екені баса айтылды. Сондықтан болашақ мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау құралы ретінде бұл тестілеудің маңызы зор.

Мактағали Бектемесов педагогикалық кадрларды даярлау сапасын күшейтуге бағытталған ҰБТ тапсыру ережелері мен шарттары туралы, бітіруші курс студенттері арасында жаңашылдықтың қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы егжей-тегжей айтып берді.

«Болашақ педагогтеріміз Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана мектептерге жұмысқа қабылданатын болады», – деп мәлімдеді проректор.

Абай университетінің Тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу мақсатында бітіруші курс білім алушыларының сынақ тестілеуін іске қосты. Олардың әрқайсысы ыңғайлы уақытта, кез келген жерде, кез келген құрылғыдан арнайы пән мен педагогика, оқыту әдістемесі бойынша сынақ тестілеуден өте алады. Университет кітапханасы Ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалу үшін оқу-әдістемелік кешендермен (оқу пәндері, педагогика, оқыту әдістемесі) жабдықталған.

педагог

Студенттермен бейресми кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқу үдерісі, емтихандарды тапсыру форматы, грантқа өту және т.б. сұрақтар қойылды. Жиынға қатысушылардың белсенділігін атап өткен университет басшылары сұрақтар мен ұсыныстарға жан-жақты жауап берді.

Тегтер: біліктілік тестіҚазҰПУпедагогҰБТ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»