Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қазақстандықтарды маскүнем етіп көрсету кімге тиімді?

Дария Берікқызы Дария Берікқызы
Сәуір 18, 2022
алкоголизм
214
қаралым

Еліміздегі бірнеше сайттар алкоголь тұтыну деңгейі бойынша Қазақстан әлемде алғашқы ондықта екені жайлы хабар таратты. Ақпарат көзі ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аталған. Ол ДДСҰ-ның зерттеуіне сілтеме жасай отырып, жылына орта есеппен қазақстандық ер адам 25 литр алкоголь, ал әйел адам шамамен тоғыз литр ішімдік тұтынатынын мәлімдеді. Бұл туралы министр 5 сәуірде өткен Үкімет отырысындағы есеп беру кезінде айтқан.

Әлемдегі ішімдік ішу деңгейі және оның салдарынан болатын өлім-жітім туралы барлық ақпарат, сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты басқа да рейтингтер ДДСҰ-ның 2018 жылғы баяндамасында толық қамтылған. Аталған зерттеу бойынша Қазақстан туралы деректер 271-бетте жинақталған.

ДДСҰ-ның 2018 жылғы зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтар тұтынатын алкоголь өнімдерінің мөлшері жылына 7,7 литр таза спиртті құрады. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан әлемдік рейтингте 76-шы орында тұр. Ал ерлер 25 литр, әйелдер 9 литр ішімдік ішетіндігі туралы ақпарат маскүнемдерге қатысты айтылған.

Сонымен қатар БҰҰ құрамындағы зерттеу институты жариялаған деректер де қазақстандықтардың ішімдік тұтыну деңгейі бойынша алғашқы орында емес екеніне дәлел болады. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының 2019 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда алкоголь тұтыну мөлшері бір адамға 5 литр таза спиртті құраған.

Еліміздегі бірқатар ақпарат порталдары таратқан хабарларында министрдің мәлімдемесінен бөлек, шетелдік күмәнді рейтингтің сілтемесін көрсеткен. Аталған рейтинг британиялық маскүнемдікпен күрес емханасының сайтында жарияланған. Ол жерде зерттеудің қандай мәліметтер негізінде жасалғаны туралы бірде-бір ақпарат жоқ.

Отандық БАҚ-та тараған Қазақстанның алкоголь өнімдерін тұтыну деңгейі бойынша 10-шы орында екені жайлы ақпарат – жалған.

Тегтер: Ажар Ғинияталкоголь өнімдеріДДСҰДСМ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»