Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ольга Шишигина жаңа қызметке тағайындалды

Министр жеке құрамға Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубына жаңа тағайындалған бастығын – еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны таныстырды.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 18, 2022
Ольга Шишигина жаңа қызметке тағайындалды 1
8.4k
қаралым

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуын бақылау барысында Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан әскери бөлімдерді аралады, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қорғаныс министрі «Мәтібұлақ» полигонында және Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өткен жаттығудың белсенді кезеңін бақылады. Оның нәтижелері бойынша ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әскерінің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға қатысты бірқатар нұсқаулар берді.

Алматы облысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу орталығының қызметі көрсетілді. Әскери басшылық полигонның әскери инфрақұрылымын дамытудың және бітімгерлерді даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттарын белгіледі.

Қорғаныс министрлігі бітімгерлерді сапалы оқыту үшін қажетті оқу-материалдық база құруды, тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруда.

Гвардейск гарнизонында комиссия әскери бөлімдердің күнделікті қызметін ұйымдастыруды, әскери қалашық ғимараттарының жай-күйін, объектілерді салу және жөндеу барысын тексерді.

Сарыөзекте Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы бригадалардың жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау тәртібін тексерді.

Барлық гарнизондарда Президенттің оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылды. Қоймалардың өртке және диверсияға қарсы қорғаныс жабдықтары тексерілді. Одан өзге, қорғаныс ведомствосының басшысы оқ-дәрілерді жою жағдайларымен танысты.

Алматыда генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Армия үйіне барды. Ол Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова жетекшілік ететін аты аңызға айналған панфиловшылар дивизиясына арналған музейде құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Министр жеке құрамға Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубына жаңа тағайындалған бастығын – еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны таныстырды. Министр бұл тағайындау жоғары жетістіктерге ұмтылған армия спортшыларын айтарлықтай ынталандыратынына сенім білдірді.

Тегтер: ЖаңалықтарқызметОльга Шишигина

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»