Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Президенттің туыстары қандай қызметтерге тағайындалмайтыны белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты.

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 18, 2022
© halyq-uni.kz

© halyq-uni.kz

1.8k
қаралым

Қазақстанда президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, – деп жазады halyq-uni.kz. 

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан президентінің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын айтты.

«Мәселен, президенттің қарындасы, ағасы немесе балалары «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық лауазым атқара алмайды», – деді министр.

Президенттің жақын туыстарына – ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.

«Өз кезегінде, Президент Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған», – деп атап өтті Қанат Мусин.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты.

«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін саяси мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарға орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», – деді Тоқаев.

Тегтер: Жаңалықтарқызметпрезиденттуыстар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»