Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
Сәуір 18, 2022
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды 1
3k
қаралым

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұрлан Бикенов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Рахметуллаұлы Бикенов 1973 жылы Нұра ауданында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: ол 1997, 2002 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды және 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы Нұра ауданы Куйбышев атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған. 1995 жылдан 2001 жылға дейін С.Талжанов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің Жастар ісі жөніндегі бас маманы болды. Содан кейін Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен және қоғамдық және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші, бас маманы және меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007 жылы Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Одан кейін облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Осакаров ауданы әкімінің орынбасары.

Кейінгі жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ дін істері басқармасын басқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Тегтер: ішкі саясат басқармасыҚарағанды облысытағайындау

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

Смайылов биыл министрлердің халықпен кездесетін күнін белгілеп, кестесін бекітті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»