Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana IT University төрінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстанда президенттік институттың құрылған күніне (1990 жылдың 24 сәуірі) орайластырылды. Astana IT University бас фойесінде Елбасы кітапханасының «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды. «Кітапхананың көшпелі экскурсиялық жобасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты егемен Қазақстанның саяси тарихын көрсетуді көздейді. Мекемемізде кітапхана, музей және архив материалдардың бірегей қоры шоғырланғаны көпке белгілі. Бүгінгі іс-шараның аталмыш білім ордасында өткізіліп жатқанының өз себебі бар. Елбасы кітапханасы мен Astana IT University арасында қалыптасқан оң да жемісті қарым-қатынастардың негізінде біз ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Университет студенттері де Елбасы кітапханасына жиі келіп, музей экспозицияларына қызуғышылық танытады», – деп Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараны ашып, Astana IT University ішіндегі экскурсиялар Елбасы кітапханасының 2022 жылғы көшпелі экскурсиялық жобасының бірқатар іс-шараларын бастайтынын атап өтті. «Университетімізде мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстан мемлекеттілігінің даму тарихына арналған экспозициялармен танысу мүмкіндігіне қолымызды жеткіздірген Елбасы кітапханасының басшылығына алғыс айтамыз. Мұның бәрі университетіміздің студенттері мен оқытушыларына пайдалы болатынына сенімдімін», – деп атап өтті Astana IT University ректоры Ахмед-Заки Дархан. Жоба аясында «Сақ мәдениеті заманауи Қазақстан келбетінде», «Уақыт құдіреті. Сағат өнерінің даму тарихы», «Уақыт сақшылары. Фототехниканың даму тарихы» тақырыптық экскурсияларын өткізілді. Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. «Сақ мәдениеті заманауи Қазақстан келбетінде» тақырыптық экскурсиясы Қазақстанның танымал символына айналған Есік қорғанынан табылған бірегей Алтын адам туралы баяндайды. Еуразия кеңістігінде өмір сүрген скиф-сақ мәдениеті қазақ халқының этногенезінде ерекше рөл атқарады. Скиф-сақ мәдениетіне тән әлемге әйгілі «аң стилі» – жануарларды көркемдік бұйымдарда бейнелеудің ерекше тәсілі. Сақтардың өнер идеялары мен әскери дәстүрлерінің сабақтастығы Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде көрініс тапты. «Уақыт құдіреті. Сағат өнерінің даму тарихы» тақырыптық экскурсиясы адамзаттың маңызды өнертабыстарының бірі – сағаттар туралы баяндайды. Уақытты өлшейтін алғашқы қарапайым құрал – күн сағатын шамамен 3,5 мың жыл бұрын вавилондықтар ойлап тапқан. Мұндай сағаттар тек күндіз жұмыс істегендіктен, түнде оларды су сағаты – клепсидра алмастырып отырған. Механикалық сағаттар ойлап табылғанға дейін құм мен от сағаттары бірдей қолданылды. Алғашқы механикалық сағаттардың пайда болу уақыты мен орны белгісіз. Ең көне ақпар X ғасырға жатады. Механикалық сағаттар тарихындағы айтулы датаның бірі – 1657 жыл. Өйткені осы жылы голландиялық ғалым Кристиан Гюйгенс маятникті сағаттарды ойлап тапқан болатын. ХХ ғасырдың екінші жартысында электронды сағаттардың дәурені жүрді. Сағат өндірісінің дамуына атом физиктері жаңа серпін берді. 1949 жылы алғашқы атом сағаттары пайда болды. XX ғасырдың соңында тұрмысқа сұйық кристалдардағы дисплейі бар сағаттар енгізілді. Бүгінде «эталон» деп танылған атом сағаттары бар. Сағаттардың бұл эволюциясын Елбасы кітапханасының бірегей экспонаттары бейнелейді. Адамзат прогресінің тарихы – бұл табыстар, жаңалықтар мен қателіктермен жұмыс, өрлеу тарихы. Бүгінде біздің көз алдымызда технологиялық инновацияларды, цифрландыруды өнеркәсіпте ғана емес, күнделікті өмірде де ауқымды енгізуді талап ететін төртінші өнеркәсіптік революция жүріп жатыр. Дамудың тағы бір көрсеткіші – камера өнертабысы. «Уақыт тынысы. Фототехниканың даму тарихы» тақырыптық экскурсиясы фототехниканың даму тарихымен таныстырады.