Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Білім

Баспагермен кездесті

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Сәуір 18, 2022
баспа
1.5k
қаралым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов болашақ баспагерлермен  кездесті. Шараның мақсаты – болашақ баспагерлерді кітап палатасының тарихымен таныстырып, бас баспагермен кітап төңірегінде емен-жарқын әңгіме құру.

Жиынды Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев ашып беріп, әрі қарай жүргізу үшін сөз тізгінін баспагер, журналист, жазушы Ермахан Шайхыұлына берді. Ол кеш қонағы Әділ Қаженбайұлының «Жас Алаш» газетінде тілші, жауапты хатшы, жарнама бөлімінің меңгерушісі, «Ырғақ» қосымшасының редакторы, «Гүлдер» ансамблінің жетекшісі, сондай-ақ  Баспалар үйінің директоры болғанын тілге тиек етіп, студенттерді еркін әңгіме-дүкен құруға шақырды.

–  Жалпы, Кітап палатасының қоры бүгінде 5 миллионнан астам кітапты құрайды. Бұл – 1898 жылдан бері еліміздің баспаханаларында жарық көрген басылымдар. Негізі, елімізде шығатын кез келген кітап біздің мекемеде тіркеуге алынып, міндетті данасы Кітап палатасының қорында сақталады. Кітап сақтау – оңай жұмыс емес. Кітап палатасына түскен кез келген баспа өнімі арнайы бөлмелерде, белгілі бір температура мен жарықта сақталуы тиіс. Қазір бізде ондай мүмкіндік жоқ. Таяуда біздің мекемеге министр келіп кетті. Осы мәселені ол кісіге айттық. Жақын арада ғимарат мәселесі шешіліп қалады. Осы орайда айта кететін жайт, егер ғылыми диссертация немесе дипломдық жұмыстар жазу кезінде таптырмай жүрген кітаптар болса, онда оны біздің қордан іздеуге болады. Себебі, біздің қорда өзге кітапханаларда жоқ кітаптар сақтаулы, – дейді Әділ Қаженбайұлы.

«Кітап палатасы мекемесінде ұйымдастырылып жатқан қандай жоба-жоспарлар бар?» деген сауалымызға баспагер:

– Қазіргі таңда бізде 3 жоба дайын тұр. Оның біріншісі – жас қаламгерлерге арналған жоба. Бұл жоба балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты үш аталымнан тұрады. Байқау жыл сайын болашақ жазушылар арасында ұйымдастырылып тұрады. Екіншісі – «Асыл сөз» жобасы. Бұл жобаның мақсаты – елімізге белгілі, қадірлі ағаларымыздың асыл сөздері мен көркем ойларымен бөлісу. Алғашқы қонағымыз – Әбдіжәміл Нұрпейісов болды. Одан кейін Қ. Жұмаділов, А. Әшімов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері біздің ұжыммен танысып, рухани әңгіме-дүкен құрды. Үшіншісі – «Қаламгер» жобасы. Осы жоба аясында Қазақстан Жазушылар одағындағы барлық қаламгерлерге тегін сайт ашып бердік. Бұл ауқымды жоба еліміздің жазушыларына өте үлкен көмек болғаны анық, – дейді бас баспагер.

Сонымен қатар Әділ мырза қазақ полиграфия саласының кемшін тұстары мен сауатты маман иелерінің тапшы екендігі жайлы да сөз қозғады:

– Бізге дизайнерлер жетіспейді. Баспадан құнды дүниелер жарыққа шығып жатқанымен, сыртқы мұқабасы жұпыны. Кітап саудасы мен оқырман қызығушылығын арттыратын – ең әуелі сыртқы дизайн. Келесі кезекте бізге сауатты редакторлар мен корректорлар жетіспейді. Басылым беттеріндегі қателерден көз сүрінеді.

Шара соңында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан сөз алып, «Сауатты редактор жоқ» деген пікірге қосылатынын айта келіп, кеш қонағы Әділ Қойтановқа алтын уақытын бөліп келгеніне алғысын білдіріп, университет тарапынан арнайы сый жасады.

Мәнді де мазмұнды кешті ұйымдастырған – Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушылары Ермахан Шайхыұлы мен Назкен Жансерікқызы.

Айтолқын Арғын,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің
2 курс студенті

Тегтер: әл-ФарабибаспаЖаңалықтар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»