Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
118
оқылды
Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер шаңды дауыл тұрып, күн күркірейтінін хабарлайды. 19 сәуірде Түркістан облысының батыс, оңтүстік және, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте 19 сәуірде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні –15-20 м/с. Түркістанда найзағай, ойнап, дауыл тұрады. Шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысынан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығысынан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз кей жерлерде облыстың оңтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай ойнағанда желдің екпіні 17-22 м/с-қа, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с-қа жетеді.