Нұр-Сұлтанда мас ер адам жолаушылар автобусының терезелерді апаттық балғамен сындырып тастаған. Оқиға автобус ішіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
CTS компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаеваның айтуынша, бұл оқиға 17 сәуірде 7 бағытта жүретін аэлектробаста болған.
"Мас жолаушы автобус терезелерін сындырған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші полицияны шақырып, тәртіп сақшылары келгенде тәртбін бұзушыны ұстап отырған", - дейді Азанбаева.