Наурыз қымбатшылық айы болды
Наурыз қымбатшылық айы болды
187
оқылды
2022 жылдың наурызын­да айлық инфляция 3,7% дең­гейінде орныққандықтан, азық-түлік қымбаттаған. Ал жылдық инфляция жедел­де­туді жалғастырып, 12%-ды құрады. Ұлттық банктің баспасөз қыз­меті таратқан ақпарат бойынша, осы айда инфляцияның барлық компоненті бойынша бағаның өсуі жеделдеген. Осылайша, нау­рызда азық-түлік тауарлары баға­сының өсуі жылдық мәнде 15,4%-ға дейін артқан. Ақпан айында бұл көрсеткіш 10% болған еді. Ал азық-түлік емес тауарлардың ин­фляциясы ақпанда 8,6%, наурызда 10,9%-ға дейін өскен. Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны сәйкесінше 8,3%, өңдеу өнеркәсібіндегі өнді­ру­шілер бағасының өсуі 23,3%, ауыл шаруашылығында өн­ді­рушілер бағасының артуы 17% болды. Жылдық мәнде бағаның өсуі 16,5%-ды құраған тамақ өнімде­рі­нің құрылымында ЖЖМ, электр энергиясы және жемшөп да­қыл­дарының қым­баттауы аясында ет және сүт өнім­дерін өндірушілер баға­сы­ның өсуі жеделдеді.