Талайдың баспаналы болуына жол ашқан мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпарат құралдарында хабарлады. «Ипотекалық бағдарламаны әрі қарай жалғастыру туралы ұсыныс бизнес қауымдастықтан түскен болатын. Ұлттық банктің дерегі бойынша, бүгінде резервте осы бағдарламаны іске асыруға арналған 500 млрд теңге бар. Уәкілетті органның ұстанымы бойынша, ипотека нарығын мемлекеттік реттеуден кетіп, нарықтық жолмен дамытуға жол ашу қажет. Оның үстіне, қазіргі ахуалды, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның аяқталуы күтіліп отырғанын, біржолғы зейнетақы төлемдері мен нарықтық өнімдердің қысқарғанын ескеріп, балама шара ретінде ипотеканы субсидиялау мүмкіндіктерін енгізуді пысықтап жатырмыз», – делінген министрліктің баспасөз қызметі жариялаған мәліметте.