Биыл қаңтар-наурыз аралығында Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Бұл туралы ІІМ хабарлады. Ресейліктердің дені Қызылорда облысына келді. Сондай-ақ Алматыға – 2 116, БҚО – 1 677 және Қостанай облысына 1 525 ресейлік орналасты. Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8 217) еңбек ету үшін келіп отыр. Бұған дейін Ресейден – 170, Украинадан 7 адам Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергені хабарланған болатын. Одан бөлек, Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналық Нұр-Сұлтан қаласында тұруға ниет білдіргені белгілі болды.