Таразда волейболдан Ұлттық лига командалары арасында ХХХ Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл алтын жүлдені «Атырау» мен «Есіл» (СҚО) командалары сарапқа салды. Виктор Козик жаттықтыратын атыраулықтар «Есілді» айқын басымдықпен жеңіп, чемпионға тән ойын өрнегін көрсетті. Осылайша, олар биылғы біріншіліктің жеңімпазы атанса, солтүстікқазақстандықтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Үшінші орын үшін бәсекеде «Таразды» жолдан тайдырған өткен жылғы ел чемпионы Алматының «Буревестнигі» қола жүлдені қанағат тұтты. Біріншілікте көш бастаған тараздықтар шешуші ойындарда білгенінен жаңылып, жүлдесіз қалды.
А.ЖАСАНҰЛЫ