Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Жоспар 82 пайызға орындалды

Би–Барыс КӨКШЕ Би–Барыс КӨКШЕ
Сәуір 19, 2022
жоспар
77
қаралым

«AMANAT» партиясының Маң­ғыстау облыстық мәсли­­ха­тын­дағы депутат­тық фракциясының отырысы өтті. Оған фи­­лиал төрағасы, об­лыс әкімі Н.Ноғаев және бас­­қар­ма­лардың басшыла­ры мен аудан-қала әкімдері қатысты. Оты­рыс­та саяси ұйым­ның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір!» сай­лауалды бағдарламасы ая­­сында Жол карта­сының был­­тырғы жоспарының орын­­­далу барысы, «Де­путаттар рей­­тингі» ақпараттық жүйе­сі­нің қорытындысы тал­қы­лан­ды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, облыста жоспар­лан­ған жобаның 92-сі орындалып (82,1 пайыз), 19-ы бойынша (17 па­йыз) жұмыстар атқарылып жа­тыр. Ал біреуі – Жаңаөзен қа­ла­сын­дағы су тазарту қон­дыр­ғы­сынан Теңге ауылына дейін су құбырын тарту жұмыстары жүр­­гі­зілмеген. Былтыр оған рес­­пуб­ли­калық бюджеттен қаржы бө­лін­бей қалған. Енді 2022 жылғы рес­публикалық бюд­жеттен осы жобаға 400 млн теңге қаражат бөлініп, конкурс­тық рәсім бас­тал­ды. Оның орын­далу барысы партия бақы­лауына алынды.

Өткен жылы ауыл тұрғын­дарын ауызсумен қамту көр­сет­кішін 96 пайызға жеткізу үшін 7 ауылға (Басқұдық – 117,9 ша­қырым, Бекі, Жармыш, Ақжігіт – 11,6 шақырым, Рахат, Теңге – 9,4 шақырым, Қызылтөбе – 291,2 шақырым) сумен қамту желілері тартылды. Сондай-ақ Ақтау қала­сында электрмен жабдықтау бойынша 4 жобаның жұмысы аяқталды.

Былтыр жалпы 139 шақырым автомобиль жолын салу мен жөндеу жоспарланып, оның 77 пайызы немесе 106,9 шақырымы төселді. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдай­дағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 92,8 пайыздан 95 пайызға артты.

Өңірде барлық қаржы көздері есебінен жалпы ауданы 1 208 мың шаршы метр тұрғын үй пай­да­лануға берілді. Оның ішінде «Нұр­лы жер» бағдарламасы ая­сын­да 928 пәтер іске қосылып, оның 152-і көпбалалы отбасы­лар­ға және 1 102-сі несиелік тұр­ғын үй бағыты бойынша берілді. Сонымен қатар «Бақытты от­басы» бағдарламасы бойынша ха­лықтың әлеуметтік осал топта­рын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 173 отбасына тұрғын үй сертификаты тапсырылды

Есептік кезеңде әлеуметтік салада бірқатар объекті іске қо­сылды, олар: 100 төсектік онко­ло­гиялық орталықтың құрылысы аяқталды және Қызылсай ауы­лында 50 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория қолда­нысқа берілді; 1 370 орындық 22 мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымы ашылды; мүм­кіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер құру мақса­тында 230 орындық 2 оңалту орталығы іске қосылды; 1 225 орындық 5 же­кеменшік мектеп, 1 500 орын­дық 2 мемлекеттік мектеп ашыл­ды.

Тағы бір маңызды бағыт – жастар саясаты бойынша «Жасыл ел» жазғы еңбек жасақтарын ұйым­дастыру арқылы 1 410 жас облыстағы елді мекендерді абат­тан­дыру және көгалдандыру жұ­мыс­тарына қатысты.

Партияның облыстық фи­лиа­лы­ның төрағасы, облыс әкімі Н.Ноғаев партияның кезектен тыс XXII съезінде ел Президенті, партия Төрағасы Қ.Тоқаевтың «Партияның өміршеңдігі сай­лауалды уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Партия Үкі­метпен және әкімдіктермен бір­лесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын түбегейлі қадағалауы керек» деген тапсыр­масын атап өтті.

Облыстық мәслихаттың де­пу­таттары С.Битан, Л.Меңді­ға­лиева сайлауалды бағдарламаның орындалысы бойынша оң пікір білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мә­селе бойынша «AMANAT» пар­тиясы облыстық филиалы ат­қарушы хатшысының орынба­сары З.Есбергенова сөз тізгінін алып, «Депутаттар рейтингі» ақ­параттық жүйесінің 2021 жыл­ғы қорытындысы туралы айтты.

Фракцияның отырысында депутаттардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті ше­шім­дер қабылданды. Жиналыс­тың хаттамасы жауапты мем­лекеттік органдарға жолданатын болады.

Тегтер: «Аманат»82 пайызжоспарМаңғыстау

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»