Мені GGG-мен салыстырмаңдар! – Жәнібек Әлімханұлы
Мені GGG-мен салыстырмаңдар! – Жәнібек Әлімханұлы
270
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы көптеген бокс әуесқойлары мен журналистердің оны орта дивизионда өнер көрсететін атақты отандасы Геннадий Головкинмен салыстыратынына көңілі толмайтынын айтты. Былғары қолғап шебері GGG-дің өз жолы бар екенін атап өтіп, рингтегі өзіндік ерекшеліктері де бөлек екенін жеткізді. «Барлығы мені Қазақстаннан келген жаңа Головкин деп айтады. Мен бәріне жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен – Жәнібекпін. Мен – "Қазақ стилімін". Менде басқа стиль бар. Менің ойындарым да айрықша!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасына. Айта кетейік, боксшы жазбасын ағылшын тілінде жариялаған. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының келесі айқасы 21 мамыр күні Лас-Вегаста өткеді. Ол орта салмақтағы Ұлыбритания боксшысыДэнни Дигнумоммен бос тұрған WBO әлем чемпионы титулы үшін айқасады.