Шымкент әкімдігін басып алуға әрекет еткен 20 адам қаза тапты – прокуратура
Шымкент әкімдігін басып алуға әрекет еткен 20 адам қаза тапты – прокуратура
Фото: ru.sputnik.kz
158
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкент әкімдігіне шабуыл жасағандардың саны көп болған. Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, биыл қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасалды.
«Полиция әкімдікке баса-көктеп кірмек болған 3000-нан астам адамды сабырға шақырған. Басқыншылардың көпшілігінде қару болған. Полицейлер резеңке оқ пен жарықты-дыбысты гранаталарын пайдаланғанымен нәтиже болмады. Басқыншылардың үш қарулы шабуылынан кейін қауіп күшейген соң қару қолдану туралы шешім қабылданды. Шабуыл жасаған 20 адам қаза тапты», – деді ол.
Бұған дейін мемлекеттік мекемелердің ғимаратын қиратқандарға 100 доллардан таратқаны туралы хабарлаған болатынбыз.