«ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотивтерді жазға дайындап жатыр
«ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотивтерді жазға дайындап жатыр
Фото: Александр Жабчук
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық пайдалану деполарында локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі өтуде. Бұл локомотив паркін жазғы жұмысқа ауыстыру үшін қажет. Тексеру 10 сәуірде басталып, мамырдың 31-де аяқталады, - деп хабарлайды Rail-news.kz. Ел бойынша барлығы 1000-нан астам локомотив техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Оның ішінде елордалық депода 102 бірлік тарту құрамы бар. ТЭ33А, ВЛ80, 2ТЭ10, ТЭМ-2 сериялы тепловоздарды маусымдық дайындау «Қамқор-Локомотив» ЖШС жөндеу кәсіпорындары, ал KZ8А сериялы локомотивтерді – «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындары базасында жүргізіледі. Тексеру үшін локомотивтер бақылау канавасында 16-дан 24 сағатқа дейін тұрады. Жұмысты білікті мамандар жүргізеді. Бұл көп еңбекті қажет етеді. Локомотивтерде барлық тораптар мен агрегаттарға, тепловоздардың тартқыш электр қозғалтқыштарының жүріс бөлігіне толық тексеру жүргізіледі. Желдету және климаттық қондырғылар жазғы жұмыс режиміне ауыстырылып, сүзгілер өзгертіледі. Тежегіш жабдықтарды, автотіркегіш құрылғыларды, жылдамдық өлшегіштерді және басқаларды сынау жүргізіледі.   [caption id="attachment_192755" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Александр Жабчук[/caption] Жөндеу депосында локомотив жұмысының сенімділігін іс жүзінде көрсететін доңғалақ жұптарының жағдайына ерекше бақылауға алынады. Слесарьлер доңғалақ айналып тұрғанда ғана теміржол пайда әкеледі деп бекер айтпаса керек. Кәсіпорында доңғалақ жұбын қайрау және жөндеу, подшипниктерді ауыстыру зергерлік дәлдікпен жүргізіледі. Тексеру барысында локомотивтердің техникалық және өртке қарсы жай-күйі, қажетті керек-жарағының болуы да бағаланады. Локомотивтерді тиісті жай-күйге және санитарлық-гигиеналық жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұның бәрі тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалады. Тексеру нәтижелерін пайдалану депосының қызметкерлері мен локомотивтерді қабылдау жөніндегі инспекторлар бақылайды. «Тепловоздар ыстықта да, суықта да пайдаланылады, сондықтан да олардың жұмыс атқару сенімділігі сапалы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты. Жоспарланған маусымдық тексеру барлық жұмыстарды қамтиды. Барлық іс-шаралар нұсқауларға сәйкес жүргізіледі», - дейді елордалық локомотив пайдалану депосының локомотивтерді жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Жоламан Ахмедиев. Сапалы тексеру машина жұмысының тоқтап қалуы мен ақаулардың санын азайтуға кепілдік береді. Жөндеушілер қазақстандық зауыттардың конвейерінен шыққан қазіргі заманғы тепловоздардың қуатты техника екенін мойындайды. Ең бастысы, жөндеу технологиясын қатаң сақтау, содан кейін ғана локомотивтер жолда қалдырмайды.