Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен бір топ адамды, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.
"ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.