Доллар бағасы тағы арзандады

Доллар бағасы тағы арзандады

 
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы 5,73 теңгеге төмендеді, – деп хабарлайды  Қазақстан қор биржасы (KASE).Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 443,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 сәуірдегі ресми бағамы 449,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,19 теңге, сату – 450,71 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,21 теңгеден сатып алынып, 449,06 теңгеден сатылып жатыр.