Алматыда ер адам ақша айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыны оқтың астына алды
Алматыда ер адам ақша айырбастау пунктінен шыққан ерлі-зайыптыны оқтың астына алды
Фото: polisia.kz
Алматы полицейлері ақша айырбастау пунктінің клиенттеріне шабуыл жасаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу-4 шағынауданындағы ақша айырбастау пунктінде қарақшылық шабуыл жасалды.
«Белгісіз біреулер валюта айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың рюкзактары бос болған. Бірақ шабуылдаушы басқаша ойлады. Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атқан. Абырой болғанда, ер мен әйел адамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал бұл уақытта шабуылдаушыны арнайы тергеу-жедел тобы іздестірген. Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Қазір ол Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасуда», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.