Қостанай қаласында «Бүркіт» базары аумағынан пакетке салынған сәбидің денесі табылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Кеше сағат 17:00 шамасында Гоголь және Шаяхметов көшелерінің қиылысында, «Бүркіт» базарының аумағында 37 жастағы ер адам пакет тауып алды. Онда нәрестенің денесі болған. Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы сәбидің қыз бала екенін анықтады», – делінген хабарламада.Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабына (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сәйкес сотқа дейінгі іс қозғалып жатыр. «Полиция халықтан осы факті бойынша нақты ақпарат болса, хабарлауын сұрайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады ведомство.