Азия чемпионатында грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов ел құрамасынан алғашқы алтынға қол жеткізді. Ол финалда 130 келі салмақта оңтүстіккореялық Ким Мин Сокпен кездесті. Қазақстандық балуан жарыстың алғашқы сатысында қарсыласынан 9:0 есебімен басым түсті. Осылайша жеңіске ертерек қол жеткізді. Өз салмағында Азия чемпионы атанды. Финалда қарсыластарына есе жіберген Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов және Мақсат Ережеповке күміс бұйырды.