Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен жүргізді.
«Төрт ер адам ұсталды. Олар қаланың түкпір-түкпірінде бөтен адамдардың пәтеріне кіріп, бағалы заттарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың үш ұрлық эпизодына қатысы бар екені анықталды. Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет еткен. Үй иелерінің бар-жоғын тексергеннен кейін олар терезені ашып, тұрғын үйге кірген. Олар алып кетуге болатын дүниенің бәрін алып шыққан. Олар: алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Қазіргі таңда “қылмыстық төрттік” мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.