158 адам ауыр қылмыс жасаған

158 адам ауыр қылмыс жасаған

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті 158 адамның қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін ха­барлады. Бүгінде тергеу­ші­лер 1 260 қылмыстық істі сот­қа дейінгі тергеп-тек­се­румен айналысып жатыр. «Ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендердің кінәсі не­гізінен қылмыс жасалған орын­дардан алынған бейнежазбалар, куәлар, сондай-ақ алынған заттай айғақтар арқылы дәлелденеді. Жа­қын арада қылмыстық про­цес­тің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиіс­ті процестік шешімдер қабыл­данады», –деді Тергеу департа­ментінің бастығы Санжар Әділов, бұл істер бойынша 158 адам қа­мауда отырғанын жеткізді.

Ш.АТЫХАН