Заң үстемдігі – адам құқының таразысы
Заң үстемдігі – адам құқының таразысы
468
оқылды
Елімізде адам құқықтары мен бостандығын қорғау сапалық жаңа деңгейде жүзеге асырылатын болады. Бұған таяуда қабылданған адам құқықтары туралы Президент Жарлығы дәлел. Ендеше заңның үстемдігі мен демократиялық құндылықтар Қазақстан үшін әлемдік қауымдастыққа ықпалдасудың бір тетігі болып қала бермек. Әзімова Эльвира ӘЗІМОВА, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі өкіл: – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Мемлекет бас­шысы «Қазақстан Республи­ка­сының адам құқықтары сала­сын­дағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы өз Жар­лығына қосымша тармақша енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтылған. Бұл Жарлық іс жүзінде Үкімет жұмысының жаңа бағыттарымен (өткен жылғы мау­сымда қабылданған Жол кар­та­сына сәйкес) толықтырылады. Ал былтырғы маусымдағы Жар­лық заңның үстемдігін қамта­масыз ету тұрғысынан Үкіметтің адам құқықтары саласындағы жұ­мысының жаңа қосымша ба­ғыттарын айқындайды. Бұл адам құқықтарын қорғау кепілдігі заңды, қолданыстағы құқықтық құралдарды жетілдіру арқылы қам­тамасыз етілуге тиіс дегенді біл­діреді. Заңның үстемдігі тұ­жы­рымдамасы ешкімнің заңнан жоғары бола алмайтынын, заң алдында бәрі тең екенін, ешкімді заңмен белгіленген тәртіппен және оны бұзғаны үшін ғана жа­залауға болмайды, яғни заңдылық пен әділеттілік – адам құқықтарын тиімді қорғау үшін қажет өзара байланысты екі талап. Мысалы, өткен жылы бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылғы желтоқсанда Парламент медициналық қыз­метті қылмыстық-атқару жүйе­сінен азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы заң қабыл­д­ады, яғни қамауда отырған адам­дарға, олар жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің шешіміне қарамастан, азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне қол жеткізу қамтамасыз етілді. Сонымен бірге іс жүзінде ауруға байланысты ағзадағы өзгерістердің қайтымсыз процесі байқалатын және адамға арнайы күтім мен емдеу қажет болатын жағдайлар бар. Алайда соттар қамаудағыларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан немесе қамауға алуды бас бостан­дығын шектеудің балама шарала­рына ауыстырудан бас тартады. Сондықтан медициналық қыз­метті беру туралы айту жеткіліксіз, әділ және заңды шешім қабыл­даудың нақты тетіктерін қамта­масыз ету қажет. Естеріңізде болса, азаматтар мен қоғамшылдардың әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы жиі жүгінулерін биыл 16 наурызда өзінің Жолда­уында атап өткен болатын. Ел Пре­зиденті қабылданған Жар­лық­та мемлекеттік саясаттың құ­қық қорғау қызметі бағытта­ры­ның ішінде әйелдерді кемсіту­ші­лікті жою ерекшеленеді. Біз әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа сенімді қарсы тұруы үшін олардың әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіспіз. Өйткені бұл жасалған бұзушылықтар үшін жазалау туралы ғана емес, оларға әлеуметтік қолдау арқылы ескерту керек. Бұдан басқа, мемлекетті басқаруға қатысуға тең мүмкін­діктер жасау үшін осал топтар үшін Парламент деңгейінде кво­талау тетігін белгілеу ғана жет­кіліксіз, жергілікті деңгейде тең және әділ қол жеткізу мен ынта­ландыру құралдары саясатын іл­герілету қажет. Құжатта айтылған тағы бір бағыт – бірігу бостандығына байланысты. Бүгінде Қазақстанда 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Алайда сан-сапа көрсеткіші емес. Үкіметтік емес ұйымдарды құ­рудың және олардың қызметін тоқтатудың икемді жүйесін, мемлекеттік қолдау мен гранттық көмекке қол жеткізудегі құзыретті ескере отырып, олардың айқын әрі адал бәсекелестігін енгізу, сұранысқа ие ұзақмерзімді және өнімді жобалар құру қажет. Сондай-ақ қабылданған Жар­лықпен айқындалған басқа бағыт ретінде қылмыстық сот төрелігі және азаптаулар мен қатыгез­дік­пен қараудың алдын алу саласын­дағы адам құқықтарын сақтау аталды. Бұл тақырып, әсіресе қаңтар оқиғаларына байланысты ұстау мен тергеудің рұқсат етіл­меген әдістері туралы хабарла­ма­лар аясында өткір тұр. Қазақстан Конституциясының 17-бабында: «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмай­ды». Мемлекет әрқашан халық­аралық деңгейде азаптауға мүлдем төзбеушілік ұстанымын білдірді. Өкінішке қарай, соңғы оқиғалар мәселенің шешілмегенін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан прокура­тураға тергеу функциясын бе­руден басқа, мұндай бұзушы­лық­тарды тергеу әдістемесі қайта қаралуы керек. Азаптауға жол бе­ретіндер жазаның сөзсіз және қатал болатынын түсінуі керек. Соңғы үш жылда уәкілге жү­гінудің келесі «жетекші» са­наттарын бө­луге болады. Бі­рін­шісі – қыл­мыс­тық жазаны орын­дау саласындағы адам құ­қық­тарын сақтау мәселе­лері. Екін­шісі – азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерін қолдану. Үшіншісі – сот төрелігіне жеткіліксіз немесе то­лық емес қол жеткізу. Консти­туциямен кепілдік берілген адам құқықтары нақты режимде сақ­талуға және қорғалуға тиіс. Сондықтан қабылданған мін­деттемелердің орындалу тиім­ді­лігін тұрақты негізде мони­то­ринг­теу және бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз құқық қорғау құралдарын қайта қараудың мем­лекеттік тәсілін қолдаймын.