Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Mudarabah Capital қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды. «Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тағы үш фигурант анықталды. Мәселе «MUDARABAN CAPITAL» серіктестігінің қатысушылары – бұған дейін кепілмен босатылған Ш. және Т, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысына үйқамаққа алынған М. және К. турасында болып отыр», – деді департамент өкілі. Бұған дейін Mudarabah Capital-ға 20 миллион теңгесін салған салымшы Бағила Досмайылова астанада Ішкі істер министрлігінің алдында үстіне бензин шашып, өзін өзі өртеп жібергенін хабарлаған болатынбыз. https://youtu.be/pIV31IuJGaA