Қызылордада жаңа туған сәбиін жол бойына тастап, полицияға өзі хабар берген әйел ұсталды

Қызылордада жаңа туған сәбиін жол бойына тастап, полицияға өзі хабар берген әйел ұсталды

Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойынан жаңа туған шақалақ табылды, – деп хабарлайды AstanaTV. Полицейлер хабарламаны мұқият тексеріп, нәрестенің анасы өзі қоңырау шалғанын анықтады. Алғашында ол баладан бас тартпақ болғанымен, кейін райынан қайтқан.

«ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда кент тұрғыны босанған қызы екеуі Қазалы аудандық перзентханасында ем қабылдап жатыр. Қылмыстық іс тоқтату сатысында», – дейді полицейлер.