Андраде Г.Головкин салмағындағы WBO чемпиондығын қорғап қалды

Андраде Г.Головкин салмағындағы WBO чемпиондығын қорғап қалды
Андраде Г.Головкин салмағындағы WBO чемпиондығын қорғап қалды

Америкалық боксшы Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO чемпионы титулын қорғап қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Ирландиялық үміткер Люк Келлерге қарсы өткен жекпе-жек Майамидегі бокс кешінің басты оқиғасы болды. Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ Андраде қарсыласын нокдаунға түсірді, кейін екінші раундта тағы қайталады. Дегенмен Келлер тоғызыншы раундқа дейін шыдады, осыдан кейін Деметриус оны нокаутқа түсірді. Жеңілмеген Андраде үшін бұл 29-шы жекпе-жек, 18 нокаут. Бұл кездесу DAZN стриминг қызметі арқылы көрсетілді.