Алматыдағы атыс: сот орындаушының жесірі Дужновтың әйелі мен қызын да жауапқа тартуды сұрайды
Алматыдағы атыс: сот орындаушының жесірі Дужновтың әйелі мен қызын да жауапқа тартуды сұрайды
Фото: inbusiness.kz

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды AstanaTV.

Сот отырысында прокурор оның кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Туған-туыстарымен кездесуіне тыйым салуды ұсынды.
Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Әлішер Мырзаханов: «Дужнов «кісі өлтіру» және «билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр.  Ол өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын», – деді.
Прокурордың  сөзін марқұмдардың жақындары да қолдады. Оқиға былтыр Алматыда қыркүйек айында болды. 54 жастағы ер адам үйін босатуды талап етіп келген 5 адамды атып тастады.
Қаза тапқан сот орындаушының әйелі Сәуле Жұманиязова: «Сотталушының әйелі Демирчян Анаид пен оның қызын қылмыстық жауапқа тартуды сұраймын. Олар қылмыстың болғанын барынша жасыруға тырысты. Алғашқы тергеу кезінде басқаша түсініктеме берді», – деді